ДСМ: Өзбекстанда маймыл шешек ауруы тіркелмеді
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше, бұл ауру осы уақытқа дейін әлемнің 14 елде тіркелген.
Санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау және қоғамдық денсаулық сақтау қызметі басшысының орынбасары, медицина ғылымдарының докторы, профессор Нурмат Атабековтың айтуынша, маймыл шешек ауруы Өзбекстанда тіркелмеген.
«Өзбекстанда осы уақытқа дейін маймылдың шешек ауруы тіркелмеген. Қазіргі уақытта ДДСҰ ұсынымдарына сүйене отырып, бұл инфекцияның республикаға енуіне жол бермеу үшін қажетті шаралар қабылдануда», деген ол баспасөз отырысында.