Русский
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
ДСМ: Өзбекстанда Жаңа жылдық мерекені отбасымен қарсы алу ұсынылады
12:42 / 2021-12-02

Республикалық арнайы комиссияның отырысында елдегі эпидемиологиялық жағдайдың тұрақтылығын сақтау және елге коронавирустық инфекцияның жаңа «омикрон» штаммының енуіне жол бермеу мақсатында бірқатар жаңа тәртіп белгіленді.

Денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, халық денсаулығын қамтамасыз ету және елдегі эпидемиологиялық жағдайдың тұрақтылығын сақтау мақсатында азаматтарға жаңа 2022 жылғы мерекелік шараларды мүмкіндігінше отбасында өткізуге кеңес берілді.

Еске сала кетсек, коронавирустық инфекцияның жаңа «омикрон» штаммының пайда болуына байланысты 2021 жылдың 3 желтоқсаннан 2022 жылдың 10 қаңтарына дейін Оңтүстік Африка Республикасы, Ботсвана, Намибия, Зимбабве, Мозамбик, Мадагаскар, Лесото, Эсватини, Танзания және Гонконгпен халықаралық рейстер (республика аумағына кіру, шығу және транзиттік рейстер) тоқтатылған болатын.