Денсаулық сақтау министрлігі Өзбекстанда 1-5 қыркүйек демалыс күндері аралығында да екпе науқаны жүргізілетінін хабарлады.
Мерекелік шаралар өтетін жерлерде білікті медициналық қызмет көрсету бойынша тәулік бойы кезекшілік орналастырылады және вакцинация процесі таңғы сағат 8:00-ден кешкі 20:00-ге дейін жалғасады.
Сондай-ақ, республикадағы барлық медициналық мекемелер, облыстық отбасылық дәрігерлік пункттер, көпсалалы орталық емханалар белгіленген тәртіпке сәйкес мереке күндері сағат 08:00 -ден 20:00-ге дейін жұмыс істейтін дәрігерлер мен медбикелерден тұратын кезекші бригадалар құру тәртібі белігленді. Жедел медициналық жәрдем мен жедел жәрдем қызметі әдеттегідей жұмыс істейді. Атап айтқанда, Республикалық жедел медициналық көмек ғылыми орталығы, оның облыстардағы 13 филиалы, аудандық және қалалық медициналық бірлестіктердің барлық бөлімдері қызмет көрсетеді, делінген хабарламада.