Arabic
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
ДСМ өтініштерді Мемлекет басшысына тікелей жеткізетін Сall орталықты іске қосты
17:52 / 2021-11-16

Өзбекстанда медицина саласын одан әрі дамыту, орын алған мәселелер мен кемшіліктерді оңды шешу мақсатында Денсаулық сақтау министрлігі арнайы «Call орталығын» іске қосты.

«1295» нөмірлі байланыс орталығы Жаңа Өзбекстан денсаулық сақтау жүйесінің индустриясын одан әрі дамытуға ықпал ететін және медицина қызметкерлерінің қызметіне қатысты мәселелер, жүйедегі проблемалар, идеялар мен ұсыныстар бойынша жұмыс істей бастаған.

«Жоғарыда көрсетілген нөмірге келетін өтініштердің көпшілігін Сall орталыққа бекітілген лауазымды тұлғалар шешеді, ал кейбіреулерін ғалым, дәрігер, фармацевт, медбике және жүйе қызметкерлерімен ашық диалогта тікелей Өзбекстан Республикасы Президентіне жеткізіледі», - делінген ДСМ хабарламасында.