Spanish
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
ДСМ статистикасы: Өзбекстанда халыққа вакцинаның қай түрі көп егілуде?
20:23 / 2021-05-02

Денсаулық сақтау министрлігі Өзбекстандағы вакцинация науқанында халыққа вакцинаның қай түрі көп егілгені жөнінде мәлімет берді.

1 сәуір күні басталған жаппай вакцинацияның алғашқы 10 күндігінде AstraZeneca-мен 68 пайыз, өзбек-қытай ZF-UZ-VAC2001 мен 32 пайыз вакцина егілген. 28 сәуірден Спутник V вакцинасы ел тұрғындарына салына бастады. 

Жалпы 1 айлық статистикалық қорытындыға сай, AstraZeneca 40,9 пайыз, ZF-UZ-VAC2001 58,4 пайыз, Спутник V 0,7 пайыздық көрсеткіште азаматтарға егілгені мәлім болды. Осы аралықта 797 781 азаматқа екпе жасалған.

Вакцинацияның екінші айы 1 мамырда басталып, алғашқы күні 58 235 адам вакцинацияланды. Осылайша коронавирустық инфекцияға қарсы вакцина алғандар саны 856 016-ға жетті. 

Үкіметтәк жоспарға сай, маусым айының соңына дейін шамамен 4 млн адамға, ал жыл соңына дейін 7 млн адамға вакцина егу көзделген.