ДСМ: 2023 жылы жедел жәрдемге 13 миллионнан астам шақырту түскен
Өткен жылы «103» қызметіне 13 миллион 522 мың қоңырау түскен. Бұл 2022 жылмен салыстырғанда 500 мыңға көп.
Денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, 2023 жылы жедел жәрдем қызметіне 1 жыл ішінде жалпы 13 млн 522 мың 771 қоңырау түскен. Оның ішінде 888 57 ересек адам және 337 712 бала ауруханаға жатқызылған.
Жедел жәрдем шақыру бойынша ең көп қоңырау Ферғана, Әндіжан облысы мен Ташкент қаласынан түскен.
- Ферғана облысы – 1 460 549;
- Әндіжан облысы – 1 374 693;
- Ташкент қаласы – 1 363 610;
- Ташкент облысы – 1 288 111;
- Наманган облысы -1 257 328 қоңырау тіркелген.
Еске сала кетсек, 2022 жылы жедел жәрдем қызметіне 13 миллион 22 мың 162 шақырту түскен.