ДСҰ Өзбекстанға 85 тонна гуманитарлық көмек жіберді
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Еуропадағы аймақтық бюросы Өзбекстанға 4 миллион доллардан астам гуманитарлық көмек көрсетті
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Еуропадағы аймақтық бюросы Өзбекстанға 4 миллион доллардан астам гуманитарлық көмек көрсетті.
ДСҰ-ның Өзбекстандағы бөлімінің хабарлауынша гуманитарлық көмек ДСҰ-ның Бас штаб-пәтері Ынтымақтастық пен COVID-19-ға жауапты Ғаламдық қор арқылы сатып алынып екі кезеңде (8 – 17 шілде) Өзбекстанға әкелінген. 85 тонналы көмек құрамында қорғаныс экраны мен көзілдірік, медициналық қолғап, респираторлы маска, вирустан сақтаушы медициналық киімдер орын алған.
Гуманитарлық жүк Өзбекстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау агенттігіне жеткізілген.