Доха – Ташкент арасында әуе рейстері келесі жылдан басталады
Qatar Airways әуе компаниясы 2022 жылдың 17 қаңтарынан бастап Өзбекстанға тұрақты рейстерді бастайды.
Өзбекстан мен Қатар арасындағы әуе қатынасы туралы үкіметаралық келісім бойынша Узавиация агенттігі 2021 жылдың 7 қыркүйегінде Qatar Airways компаниясына Доха – Ташкент – Доха бағыты бойынша Өзбекстанға тұрақты рейстерді орындауға рұқсат берген болатын.
Осыған орай компания Airbus A320 ұшағымен келесі жылдың 17 қаңтарынан бастап Дохадан Ташкентке дүйсенбі және жұма күндері, ал қарсы бағытта сейсенбі және сенбі күндері орындауды жоспарлауда.
Рейстер 12 бизнес-кластты және 120 орындық эконом-кластты Airbus A320 ұшағының көмегінде орындалмақ.