Доха қаласында Өзбекстан мен Қатар СІМ басшылары кездесті
Доха қаласына сапармен барған Өзбекстан Сыртқы істер министрі Бахтиёр Саидов Қатардың Премьер-министрі және Сыртқы істер министрі Мохаммад бен Абдулрахман бен Жасим Әл Сонимен кездесті.
«Бүгін Доха қаласында Жоғары Мәртебелі Қатар Премьер-Министрі және Сыртқы істер министрі Мухаммад бен Абдулрахман бен Жасим Әл Сонимен кездескенімізге қуаныштымыз. Біз Өзбекстан мен Қатар басшылары қол жеткізген барлық келісімдердің уақтылы орындалуын қарастырдық, екіжақты қарым-қатынастарымызды кеңейту күн тәртібін талқыладық және экономикалық ынтымақтастығымызды одан әрі байытуға ерекше көңіл бөлдік, - деп жазды Өзбекстан СІМ басшысы өзінің Telegram каналында.