Допингпен қолға түскен спортшыларға қылмыстық іс қозғалады
Келесі жылдың 1 наурызынан бастап Қытай билігі спорттық көрсеткіштерін жақсарту мақсатында тыйым салынған препараттарды қолданған спортшыларды қылмыстық құқық бұзушылыққа теңестіреді.
«Синьхуа» агенттігінің мәліметінше, шешім ел парламентінің отырысында қабылданған. Заңға енгізілген өзгерістерге сәйкес, допинг қолданғаны үшін айыппұл салынып, үш жылға бас бостандығынан айырылады. Дәл осындай жаза спортшыларға осындай тыйым салынған дәрі-дәрмектерді ұсынатындарға да қатысты.
Қытай үкіметі спортшыларды осындай заттарды қолдануға мәжбүрлеген адамдарға қатаң жаза қолдануды жоспарлап отыр.