Допинг: Өзбекстандық ауыр атлет төрт жылға спорттан шеттетілді
Өзбекстандық ауыр атлет Мафтуна Исмаилова допинг қолданғаны үшін төрт жылға спорттан шеттетілді.
Өзбекстан ұлттық антидопинг агенттігі жанындағы Этика комиссиясының шешіміне сәйкес, спортшы Мафтуна Исмаиловадан (ауыр атлетика) 2021 жылдың қараша айында тыйым салынған «Оксандролон» және «Станозолол» заттары табылған.
Сондықтан ол Дүниежүзілік допингке қарсы кодекстің 2.1-бабына сәйкес допингке қарсы құқық бұзушылық үшін 2021 жылдың 23 желтоқсанынан 2025 жылдың 22 желтоқсанына дейін 4 жыл мерзімге дисквалификацияланды.