Дональд Трамптың инаугурациясы өтетін күн белгілі болды
Республикашыл Дональд Трамптың инаугурациясы 2025 жылдың 20 қаңтарына жоспарланған.
USA Today басылымның хабарлауынша, салтанатты рәсім Вашингтондағы АҚШ Капитолий ғимаратында өтеді.
Іс-шарада жаңа президенттің ант беру рәсімі мен сөз сөйлеуі көзделген. Рәсімнен бұрын және кейін басқа да іс-шаралар, соның ішінде гала-парад пен бал өткізу жоспарланған.
Оған дейін президенттік өкілеттіктер қазіргі басшы Джо Байденнің қолында болады.
Еске салайық, соңғы нәтижелерге сәйкес, Трамп 286 сайлау дауысын жинады. Президент болу үшін 270 дауыс жеткілікті.