Ўзбек
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Дональд Трамп өзіне қарсы импичментті мемлекеттік төңкеріс деп мәлімдеді
14:59 / 2019-12-18

Осы жағдайға байланысты Конгресстің төменгі палатасы спикері Ненси Пелосиге хат жолдаған


АҚШ перзиденті Дональд Трамп өзіне қарсы импичмент жағдайын мемлекеттік төңкеріс деп атап, Конгресстің төменгі палатасы спикері Ненси Пелосиге хат жолдады.

Ақ үй басшысының жолдаған хатында «Бұл жағдай АҚШ заңының 250 жылдық тарихында болмаған конституцияға қайшы болған үкіметті қаралау екенін мәлімдеп, төменгі палатада жүріп жатқан осы импичмент жағдайына наразылық білдіремін. Импичментті өткізуге ешқандай дәлел жоқ, өйткені ешбір заңбұзушылық не қылмыс болмаған. Сіздер заңсыз импичментті жалғастырып конституцияға сай берген антыңызды бұздыңыз. Мұнымен Америка демократиясына қарсы соғыс ашудасыз», делінген.

Ал бұл жағдайға Ненси Пелоси сенатта Трампқа байланысты импичментке дауыс беру кезінде демократтарға қарата «Өкінішке орай, президент жеке саяси пайданы көздеп билікті асыра пайдаланумен жауапкершілікті АҚШ халқынан және конституциясынан жоғары болуын талап етіп конгресске қарсылық көрсеткен. Алайда Америкада заңнан жоғары ешкім жоқ» деп жазған Пелоси.

Бұл жағдайлар Трамп Украина президенті Зеленскиймен сөйлескеннен кейін ушығып кетті.