Дональд Трамп терористердің қарсылығына қарамай бен Ладеннің ұлын өлтіруге бұйрық берген
Трамп президенттігінің алғашқы екі жылында оған орталық тыңшы басқармасы тарапынан аса қауіпті террористердің есімдері жазылған тізімі берілгені айтылады
АҚШ президенті Дональд Трамп мемлекет қауіпсіздік қызметінің және басқа террористік ұйымдардың қарсылықтарына қарамай «Әл-Қаиданың» негізін қалаушы Усама бен Ладеннің ұлы Хамза Бен Ладенді өлтіруді талап еткен.
«NBC» арнасының хабарлауынша, бұл мәліметті Трамп өткен жылдың қыркүйегінде Ауғанстан мен Пәкістанда өткізген антитеррорлы операцияларда бен Ладеннің ұлын өлтіруге бұйрық бергенін айтқан. Оның сөзіне қарағанда, Хамза бен Ладеннің өлімі содырларды тағы бір жетекшісінен айырып Усама бен Ладенмен арадағы «символдық байланысын» аяқтаған.
Дереккөздер ақпаратында Трамп президенттігінің алғашқы екі жылында оған орталық тыңшы басқармасы тарапынан аса қауіпті террористердің есімдері жазылған тізім берілгені айтылады, бірақ президент дәл Хамза Бен Ладеннің өлтірілуін талап еткен.
АҚШ-тың арнайы жасағы өлтірмек боп жоспарлаған тізімде ДАИШ жетекшісі Абу Бакр әл-Багдади алғашқы қатардан орын алған болып, президент Трамп оның өлімі жайлы өткен жыл қазан айында жариялаған болатын.