Дональд Трамп Сауд Арабиясына ресми сапармен келді
АҚШ президенті Дональд Трамп Сауд Арабиясына ресми сапармен келді. Бұл — оның президенттікке қайта сайланғаннан кейінгі екінші мерзіміндегі алғашқы ірі шетелдік сапарларының бірі. Сапар барысында Трамп төрт күн ішінде Парсы шығанағындағы үш елге баруды жоспарлап отыр.
Al Jazeera басылымының хабарлауынша, сапардың басты мақсаты — ауқымды іскерлік келісімдерге қол қою. АҚШ президенті өз кеңесшілеріне 1 триллион доллардан астам сомаға келісімдер жасасқысы келетінін мәлімдеген.


Болжам бойынша, келісімдерге жасанды интеллект саласындағы инвестициялар, энергетика өндірісі, сондай-ақ көп миллиард долларлық қару-жарақ саудасы кіруі мүмкін. Бұл сапар АҚШ пен Парсы шығанағы елдері арасындағы стратегиялық және экономикалық әріптестікті нығайтуды көздейді.