English
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Дональд Трамп пен Зеленский алғаш рет кездесу өткізді
11:31 / 2019-09-26

Екі мемлекет басшыларының алғашқы кездесуі өте көңілді және әзілге толы өтіп, олар аудармашыларсыз-ақ еркін сұхбаттасқан.


АҚШ президенті Дональд Трамп пен Украина басшысы Владимир Зеленский Нью-Йоркте БҰҰ Бас ассамблеясының 74 сессиясы аясында кездесу өткізді.

Екі мемлекет басшыларының алғашқы кездесуі өте көңілді және әзілге толы өтіп, олар аудармашыларсыз-ақ сұхбаттасқан.

Әңгіме барысында АҚШ президенті Ресей мен Украина арасындағы қарым-қатынастар жайында сөз айтып, Зеленскийге ол жағдайды осы типте жалғастыруға кеңес берді. Сонымен қатар Зеленский мен Владимир Путин кездескен күнде Донбастағы жағдайды шеше алатынына сенім білдірді.

-Сіз президенттікке келген күннен бастап қысқа мерзім ішінде Ресеймен арадағы қарым-қатынаста айтарлықтай жетістіктерге жеттіңіз. Осы бағыттан айнымаңыз. Мен Президент Путин бір нәрсеге қол жеткізгісі келетініне шын жүректен сенемін. Сіздер екеуара кездесіп, мәселені шеше аласыздар. Бұл керемет нәтиже болар еді,- деген Дональд Трамп.
», - деді Трамп.

АҚШ президентінің айтуынша, Путин Донбастағы жанжалды шешуге тырысуда.

Өз кезегінде Зеленский Еуропалық Одақ пен АҚШ-тың бірлескен күш-жігеріғана Донбастағы жағдайды шешуге көмектесе алатындығын айтты.

Кездесудегі екі ел басшыларының бір-біріне айтқан әзіл сөздерінен кездесу өте көтеріңкі рұхта өткен.
Трапм: ол мені мен атақты еткенненде мәшһур етіп жіберді,-деп әзілдеген. Трапм мұнда Зеленский мен бірге телефондағы әнгімені жеткізген.

Кездесу соңында Зеленский АҚШ перзидентіне «Сіз мені Вашингтонға шақырғаныңыз үшін алғыс айтқым келеді. бірақ сіз мені шақыруына шақырдыңыз, бірақ қай уақытқа екенін ұмыттыңыз»- деген кезде зал күлкіге толып кеткен. Осы әзілдерден кейін Зеленский сөзінің соңында Трампты ешқашан Украинаға бармағанын алға тартып, оны Киевке әзіл аралас қонақ болуға шақырған.