English
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Доналд Трамп «пандемия» жағдайында американдықтарды жұмысқа баруын сұрады
13:34 / 2020-03-26

Сенат коронавирусқа қарсы 2,2 триллион доллар қаржы бөлетін болды


АҚШ перзиденті Дональд Трапм әлемдік пандемия және Америкадағы төтенше жағдайдың жарияланғанына қарамай американдықтарды үйде босқа отырмай жұмысқа баруын сұрады.

«Fox News» арнасында берген сұхбатында Трамп: Американдықтар COVID-19 коронавирусының таралуына қарамай экономиканы сақтау үшін жұмысқа оралуы керек. Індет көптеген адамдарды өлтіреді, бірақ жазатайым оқиғалардан да біз көптеген адамдарды жоғалтамыз. Егерде экономикалық дағдарыс орын алса одан да көп адам қазасы болуы мүмкін. Сондықтан жұмысқа шығу керек, деп айтқан.

Сондай-ақ АҚШ сенаты COVID-19 коронавирус пандемиясы жағдайында елдегі компаниялар мен тұрғындардың және денсаулық сақтау жүйесіне экономикалық қолдау көрсету мақсатында 2,2 триллион доллар қаржы бөлу жайлы заң жобасын бірауыздан мақұлдады.