English
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Дональд Трамп коронавирусқа байланысты АҚШ-та төтенше жағдай жариялады
09:14 / 2020-03-14

АҚШ үкіметі осы індеттің алдын алуға 50 млрд доллар бөлуді көздеген


АҚШ президенті Дональд Трамп мемлекетте коронавирус тарауына байланысты төтенше жағдай жариялап, індеттің алдын алуға зәру шараларды қолдануды тапсырды және Еуропа елдерінен келушілерге 30 күнге тыйым салды.

Бүкіл әлемге қауіп төндірген коронавирусқа байлансты арнайы Ақ үй қасында ұйымдастырылған баспасөз конференциясында Трамп, АҚШ үкіметі осы індеттің алдын алуға 50 млрд доллар бөлуі мүмкіндігін айтып төтенше жағдайдың алғашқы кезеңінде вирустан қорғануға қажетті заттар ел аумағына таратылатын болады, деді.

Вашингтон, Нью-Йорк және Калифорния штаттарында осыған дейін төтенше жағдай жарияланған еді. Енді бұл процес бүкіл АҚШ-та жарияланды. Қазір әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 145 369 кісіге жетті. АҚШ-та аурулар саны 2084. 47 кісі қаза болған. 12 азамат аурудан емделген.