Chinese
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Дональд Трамп АҚШ тарихындағы тұңғыш төтенше жағдайды жариялады
18:08 / 2020-04-12

Коронавирус жұқтырған науқастар саны 500 мыңнан асты


АҚШ перзиденті Дональд Трамп Құрама Штаттардағы коронавирус жұқтырған науқастар саны 500 мыңнан асқан кезде «аса ірі апат» жағдай режимін енгізу туралы деклорацияны қабылдады. Осылайша АҚШ тарихында алғаш рет 50 штатта толықтай төтенше жағдай жарияланды.

Ақ үй басшысы бұл шешімге келуіне ең басты себеп АҚШ-тағы өлім көрсеткішінің күрт жоғарылауынан орын алған. Джонс Хопкинс университетінің соңғы дерегінше қазір онда өлгендер саны 20 мыңнан асқан. Ең жоғары көрсеткіш Нью-Йорк қаласында орын алған 6397 кісі.

CNBC мәліметі бойынша, «аса ірі апат» жағдайы АҚШ конституциясына бағынушы Виржиния аралдары, Солтүстік Мариана аралдары, Гуам және Пуэрто-Рикоға да қатысты қолданылады. Қазірге АҚШ әкімшілігінің қарамағындағы бұл шара қолданылмаған жалғыз аймақ Америка Самоасы болып қалуда.