Дональд Трамп АҚШ-та неге коронавируспен ауырғандар саны аз екендігіне түсінік берді
АҚШ конгресс өкілдер палатасы коронавирусқа қарсы күрес үшін 8,3 млрд доллар қаржы бөлуге шешім шығарды
Ақ үй басшысының айтуынша, көптеген сарапшылардың кеңесіне қарамай коронавирус эпидемиясына байланысты Қытай мен шекараларды жабуға шешім шығарған. Соның арқасында АҚШ-та аурулар саны аз екендігі айтылуда, деп хабарлайды «Fox News» арнасы.
Осы арнаға берген сұхбатында Трамп: Әкімшілік құрамындағы көптеген кеңесшілердің айтқандарына қарамай Қытаймен шекараны жабуды тапсырдым, сондықтан да біздің бүгінгі қайғымыз басқаларға қарағанда жеңілдеу. Осы шешімім өте дұрыс екенінің нәтижесінде АҚШ-та басқа елдердегі ахуалға қарағанда аурулар саны едәуір аз, деген.
АҚШ конгресс өкілдер палатасы коронавирусқа қарсы күрес үшін 8,3 млрд доллар қаржы бөлуге шешім шығарды. Қазірде онда аурулар саны 153 кісіге жетіп, 11 кісінің өлімі тіркелген.