Ўзбек
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Дональд Трамп АҚШ әскери базаларына жасалған зымыран шабуылына қатысты мәлімдеме жасады
10:37 / 2020-01-09

Хасан Рухани АҚШ әскери базасына жасалған зымыранды шабуылдармен АҚШ-тың жүзіне шапалақ тартып жібергенін айтып, АҚШ-тың Таяу Шығыстағы аяғын балталау сынды сөздермен сес көрсеткен еді


АҚШ перзиденті Дональд Трамп Ирақтағы екі әскери базаларға жасалған зымыран шабуылына қатысты мәлімдемесінде «Мен президенттік лауазымында болған кезде Иран ешқашан ядролық қаруға ие бола алмайды» деп бастап, Америка Иранға қарсы экономикалық санкцияларды жалғастыруын айтты.

8 қаңтарға өтер кеште Иран АҚШ-тың Ирактағы екі әскери базасына жойғыш 15 ракетамен шабуыл жасаған болатын. Дәл осы жағдайға тоқалып Трамп: «Иран ойлауымызша артқа шегінді, бұл шешім Бүкіләлем үшін жақсылық нышаны. Олар атқылаған зымыран салдарынан ешбір америкалық және ирандық азаматтар қаза болған жоқ, есесіне әскери базаларға да қатты залал жетпеген.

Трамп өзінің арнайы патсырмасымен өлтірілген генерал Қасым Сүлейманиді Иранның Таяу Шығыстағы сыртқы және әскери саясатындагы идеологы –«әлемнің бірінші санатындағы терористі» деп атап АҚШ Тегеранға қысым көрсетуін жалғастыратынын мәлімдеді.

-«кешегі ракеталы шабуылға қарсы жауап қайыру қазірде талқылануда, біз оларға міндетті түрде жауап қайтарамыз. Бізде нысанды дәл және өте жылдам жойғыш құралдар бар. Бірақ біз оларды қолдануды қаламаймыз. Менің Иран үкіметі және иран халқына айтар сөзім, біз сіздердің әлем халықтары сынды өмір кешуіңізді және болашақта еліңіздің гүлденуін қалаймыз. АҚШ бейбітшілікті қолдайтын барлығымен татуласуға дайын дей келе, Ұлыбритания, Германия, Франция, Қытай және Ресей Иранмен арадағы ядролық елісімнен бас тартып жаңадан басқа келісім жасауы керек», дейді Дональд Трамп.

Ал кеше Иран жетекшісі Хасан Рухани АҚШ әскери базасына жасалған зымыранды шабуылдармен АҚШ жүзіне шапалақ тартып жібергенін айтып, АҚШ-тың Таяу Шығыстағы аяғын балталау сынды сөздермен сес көрсеткен.