Доминикандық министр өз кеңсесінде атып өлтірілді
Доминикан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрі Орландо Хорхе Мераны өз кеңсесінде атып өлтірді.
ВВС-дің хабарлауынша, 55 жастағы министр жиналыс өткізіп жатқан кезде оған бала кездегі досы алты рет оқ атқан. Оқ атып өлтірген Мигель Круз қазірде қамауға алынған.
Қазір кісі өлтіру себебі анықталуда. Марқұм министрдің отбасы өлтірушінің шынымен Хорхе Мераның бала күнгі досы екенін растады.
Хорхе Мера қазіргі президент Луис Абинадердің үкіметінде осы қызметке 2020 жылдың шілдесінен бері кіріскен болатын. Орландо Хорхе Мера Сальвадордың бұрынғы президенті Хорхе Бланконың ұлы және Доминикан Республикасындағы жетекші заманауи революциялық партияның негізін салушылардың бірі еді.