Oʻzbek
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Доминик Тим алғаш рет «US Open» турнирінде жеңіске жетті
10:06 / 2020-09-14

Нью-Йорк қаласында екі аптаға созылған теннис бойынша «Үлкен шлем» турнирінің АҚШ ашық чемпионаты аяқталды


Нью-Йорк қаласында екі аптаға созылған теннис бойынша «Үлкен шлем» турнирінің АҚШ ашық чемпионаты аяқталды.

Шешуші финалдық кездесуде әлемнің үшінші ракеткасы австриялық Доминик Тим, рейтингтің жетінші шебіндегі германиялық Александр Зверевке қарсы кортқа шықты. 4 сағат 1минутқа жалғасқан тартысты өткен кездесудің қорытындысы бойынша Доминик Тим фантастикалық камбэк жасап «US Open» турниріндегі алғашқы жеңісіне қол жеткізді. Алғашқы екі сет Александр Зверевтің пайдасына шешілген болса да, кейінгі үш сетте австриялық ракетка шебері қарсыласқа мүмкіндік қалдырған жоқ. Қорытынды есеп 2/6, 4/6, 6/4, 6/3, 7/6(6).

Доминик Тим бұған дейін АҚШ ашық чемпионатында үш мәрте финал кездесуінде ойнап, жеңііске жете алмаған болатын. Ол «US Open» турниріндегі жеңісі үшін 3 млн доллар ақшалай сыйақы және 2 мың рейтинг ұпайына ие болды. Ал, Александр Зверевқа 1,5 млн доллар ақша мен 1,2 мың ұпай нәсіп етті.