Oʻzbek
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Дүниежүзінде коронавирустан қайтыс болғандар саны 5 миллионнан асты
16:12 / 2021-10-04

Бір апта ішінде Бүкіләлем бойынша коронавирустан қайтыс болғандардың жартысынан астамы АҚШ, Ресей, Бразилия, Мексика және Үндістан елдерінің үлесін құрайды.

Reuters агенттігінің дерегінше, әлемде коронавирус құрбандарының саны 5 миллионнан асты, олардың жартысы сегіз ай ішінде қайтыс болған. 

Пандемия басталғаннан бір жыл өткен соң, коронавирустан өлім саны 2,5 миллионнан асқан болса, тағы 2,5 миллион азамат сегіз айға жетпей қайтыс болған. Соңғы бір апта ішінде өлген адамдардың жартысынан астамы АҚШ, Ресей, Бразилия, Мексика және Үндістан елдерінің үлесіне тура келген.

Агенттік мәліметінше, әлемде коронавирустың жұқпалы «дельта» штаммы басым. Ал, өлімнің ең жоғары деңгейі Оңтүстік Америкада тіркелген. Одан кейінгі кезекте Оңтүстік Америка мен Шығыс Еуропа тұр.

Бүгінге дейін әлем халқының жартысынан көбі екпенің бірінші дозасын да алмағаны айтылады, агенттік хабарында.