French
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Дүниежүзілік туристік ұйымның бас хатшысы Өзбекстанға келді
13:41 / 2022-11-04

БҰҰ Дүниежүзілік туристік ұйымының (UNWTO) Бас хатшысы Зураб Пололикашвили Өзбекстанға келді.

Туризм және мәдени мұра министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, жоғары мәртебелі мейманды Самарқанд халықаралық әуежайында Өзбекстан премьер-министрінің орынбасары, Туризм және мәдени мұра министрі Азиз Абдухакимов қарсы алды.

Сапар барысында UNWTO Бас хатшысы Самарқандта өтетін Өзбекстанның II экономикалық форумына қатысады. Сондай-ақ оның Самарқанд туристік орталығындағы «Мәңгілік қала» кешеніне және 2023 жылы Самарқандта БҰҰ Дүниежүзілік туристік ұйымы (UNWTO) Бас Ассамблеясының 25-ші сессиясы өтетін «Конгресс Холлға» баруы, инфрақұрылым, жасалған қолайлықтармен танысуы жоспарланған.

Сонымен қатар, Самарқанд қаласындағы Халықаралық туризм және мәдени мұра университетіне бараып, мәртебелі мейман университет студенттеріне дәріс оқиды деп күтілуде.