Ўзбек
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Дүниежүзілік банк Өзбекстанға 300 миллион долларға жуық қаржы бөледі
09:29 / 2021-05-18

Дүниежүзілік банк Өзбекстандағы жобаларды қолдауға 300 миллион долларға жуық қаржылық несие және грант бөлмек.

Экономикалық даму және кедейлікті төмендету министрлігінің баспасөз қызметі хабарлауынша, Дүниежүзілік банк пен Өзбекстан үкіметі арасындағы келіссөздер нәтижесінде «Өзбекстанда сумен жабдықтау секторын дамыту және институционалды қолдау» жобасы бойынша қаржылық және гранттық келісімдерге қол қойылды. 

Осы жобаны жүзеге асыру үшін Дүниежүзілік банк 239 миллион доллар көлемінде жеңілдетілген несие жәнеШвейцарияның Экономикалық мәселелер жөніндегі мемлекеттік хатшылығының 7,8 миллион доллар көлемінде гранты бөлінбек.

Жоба шеңберінде Өзбекстанның үш аймағында 500 мыңнан астам адам сумен жабдықтау және су бұру қызметтерін сапалы қолдануға қол жеткізеді. Қарақалпақстан Республикасында Нөкіс, Тахиаташ пен Ходжалыдағы ағынды суларды тазарту қондырғыларын жаңарту жоспарланған болып, Сырдария облысы мен Самарқанд облысының Каттакурган қаласында сумен жабдықтау және су бұру желілері кеңейтіліп, қайта жаңартылады.

Бұдан бөлек «Өзбекстандағы ұлттық инновациялық жүйені жаңғырту» жобасы бойынша қаржылық келісімдерге қол қойылды. Атаулы жобаны жүзеге асыру үшін Дүниежүзілік банк 50 миллион доллар көлемінде жеңілдетілген несие береді.

Дүниежүзілік банк қолдаған жаңа жоба үкіметке нарықтық экономика жағдайында жұмыс істеуге қабілетті ұлттық инновациялық жүйені дамытуға көмектеседі. Бұл ғылыми-инновациялық өнімдер мен қызметтерді зерттеу және әзірлеу, коммерциализациялау саласындағы қоғамдық, ғылыми ұйымдар мен жеке сектор арасындағы ынтымақтастықты қолдайды.