French
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Дүниежүзілік банк өзбекстандық студенттерді қолдау мақсатында 250 миллион доллар бөлді
17:00 / 2025-12-12

Дүниежүзілік банктің Атқарушы директорлар кеңесі Өзбекстан үшін 250 миллион долларлық кредитті мақұлдады.

Бұл туралы Дүниежүзілік банк баспасөз қызметі хабарлады. Атаулы қаражат студенттерді қаржыландыру жүйесін түбегейлі жаңғыртуға бағытталған EduImkon бағдарламасын іске асыруға жұмсалмақ. 

Үш жылдық бағдарлама аясында ел бойынша 600 мыңға жуық жас білім беру кредитін жеңіл әрі тең негізде алу мүмкіндігіне ие болады деп күтіліп отыр

Жобаны 2026–2028 жылдары Экономика және қаржы министрлігі орындайды. Студенттерді қаржыландыру жүйесін заманауиландыру, білім беру кредиттерін басқару, бөлу рәсімдерін цифрландыру, министрліктер мен ведомстволар арасындағы үйлестіруді күшейту қамтылады.

Бағдарлама қаражатының 80 пайызы әлеуметтік қолдауға мұқтаж топтарға бағытталады. Әйелдер мен аз қамтылған студенттер үшін кредит талаптары жеңілдетіледі.

Сонымен қатар, еңбек нарығына сай білім беруді қолдау, STEM бағыттарын таңдауды ынталандыру, білім беру кредиттері жүйесін қаржылай тұрақтандыру, табысқа байланысты кредит моделін енгізу, оқуын аяқтаған соң уақытша жұмыссыз қалған студенттерді қолдау, төлемдерді студенттің табысына сәйкес есептейтін жаңа механизм қабылданады.

2028 жылға дейін жоғары, техникалық және кәсіби білім жолында оқып жатқан 600 мыңға жуық студентке жаңғыртылған қаржыландыру жүйесі арқылы білім беру несиесін беру жоспарланған. Кредиттер Экономика және қаржы министрлігімен бірлесіп, 12 екінші деңгейлі банктер арқылы ұсынылады.

EduImkon бағдарламасы аясында қосымша 30 миллион доллар жеке капитал тартылмақ.

Бұл бастама өзбекстандық жастарға білім алудағы мүмкіндікті кеңейтіп, елдің адами капиталын жаңа деңгейге көтеруге бағытталған аймақ елдері арасындағы бірегей стратегиялық қадам ретінде бағаланып отыр.