Дүниежүзілік банк Өзбекстанның 2021 жылы экономикалық өсімін 4,3 пайыз құрайды деп болжауда.
Болжамға сәйкес, 2020 жылы Өзбекстанның ЖІӨ өсімі 0,6% құрайды. 2022 жыл экономикалық өсім 4,5 пайызға жететіні айтылған
Дүниежүзілік банктің мәліметі бойынша, Орталық Азияда тауар бағалары мен шетелдік тікелей инвестициялардың орташа өсуі қолдауымен 2021 жылы өсім 3 пайызға дейін артады деп күтілуде, өйткені аймақта Қытайдың «Бір белдеу – бір жол» бастамасына белсене кіріседі.
Банк сарапшылары жағдайдың жағымсыз тұсқа өзгеру қаупі «жоғары» екенін де айтып, «аймақтағы экономикалық өсудің келешегі кейбір елдердегі әлеуметтік толқуларға, сондай-ақ геосаяси шиеленістің күшеюіне әкеп соқтырған COVID-19 індетімен науқастанудың артуы бойынша сенімсіздікке ие. Еуропа мен Орталық Азияда COVID-19 ауруының көбеюі шектеулердің артуына және үй шаруалығы мен компаниялардың күрт реакциясына әкелуі мүмкін », - делінген хабарламада.