Дүниежүзілік банк 2021 жылы Өзбекстанның ЖІӨ 4,8% өседі деп болжауда
Өзбекстанның экономикалық өсімі 2021 және 2022 жылдарға сәйкесінше 4,8 және 5,5 пайызға жетеді. Бұл туралы Дүниежүзілік банктің «Әлемдік экономикалық болжам» маусым айындағы санында айтылды.
«Өзбекстан экономикасының өсуі 2021 және 2022 жылдары 4,8% және 5,5% құрайды. Жалпы, Орталық Азияда экономикалық өсім 2021 жылы 3,7% -ке, ал 2022 жылы 4,3% -ке дейін қалпына келеді деп күтілуде», - делінген хабарламада.
Дүниежүзілік банктің бағалауы бойынша Өзбекстан экономикасының өсуіне шикізат бағасының өсуі, көмірсутектерді өндіруге шектеулердің әлсіреуі, сондай-ақ тікелей инвестициялардың көбеюі ықпал етеді.
«Алайда өсу қарқынына әлемдік экономиканың қалпына келу жылдамдығы және COVID-19-ға қарсы ұлттық вакцинация науқанының сәттілігіне байланысты белгісіздік әсер етуі мүмкін», - делінген.