Дүние жүзінде 2 миллиардтан астам адамға коронавирусқа қарсы вакцина егілді
Коронавирусқа қарсы вакцинацияланған адамдардың саны әлемде 2 миллиардтан асты.
MedicalXpress порталының хабарлауынша, вакцинация тек әлемнің алты елінде Солтүстік Корея, Гаити, Танзания, Чад, Бурунди және Эритреяда басталған жоқ.
Қазірге дейін 215 елде коронавирусқа қарсы 2 миллиард 109 миллион 696 мың 22 адамға вакцина егілді.
Статистика бойынша, Израильде коронавирусқа қарсы 10 адамның алтауы толығымен вакцинацияланған. Кейінгі кезекте Канада тұр: халықтың 59 пайызы вакцинаның кем дегенде бір дозасын алды, одан кейін Ұлыбритания (58,3 пайыз), Чили (56,6 пайыз) және АҚШ (51 пайыз) елдері орын алған.
Oxford/AstraZeneca вакцинасы әлемнің 170 елінде қолданылауда. Келесі кезекте Pfizer/BioNTech - 97 мемлекет. Moderna 46 елде, Sinopharm 45 елде, Sputnik V 40 елде және Johnson & Johnson 29 елде қолданылуда.