«Новая газета» бас редакторы 2021 жылғы алған Нобель бейбітшілік сыйлығын аукционда 103,5 миллион долларға сатты.
Дүйсенбі, 20 маусымда сауда-саттық өткізген америкалық Heritage Auctions сауда үйінің сайтында жарияланған хабарламада сатып алушының аты-жөні көрсетілмеген.
Сауда үйінің хабарлауынша, сыйлықты сатудан түскен барлық қаражат украиндық босқын балалар мен олардың отбасыларына көмектесу үшін Біріккен Ұлттар Ұйымының Балалар қорына (ЮНИСЕФ) жіберіледі.
Аукцион Нью-Йоркте өтті және 20 маусымда атап өтілетін Дүниежүзілік босқындар күніне арналды. Бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, бұл сыйлық тарихындағы Нобель медалінің ең қымбат сатылымы болды.
Дмитрий Муратов Нобель сыйлығын алған алғашқы ресейлік азамат. Ол филиппиндік журналист Мария Рессамен бірге «демократия мен бейбітшіліктің алғышарты болып табылатын сөз бостандығын қорғауға күш салғаны үшін» марапатқа ие болды. Нобель комитеті өз мәлімдемесінде Мұратовтың «Новая газетаның» қызметкерлеріне бірнеше рет қоқан-лоққы жасап, бірнеше журналистің өлтірілуіне қарамастан, оның тәуелсіз саясатынан бас тартпағанын айтқан.