Дмитрий Бивол BWAA тұжырымы бойынша жылдың ең үздік боксшысы атанды
WBA нұсқасы бойынша жартылай орта салмақтағы чемпион Дмитрий Бивол Америка бокс жазушылары қауымдастығы (BWAA) тұжырымы бойынша 2022 жылдың ең үздік боксшысы атанды.
Атаулы сыйлық тағайындалғалы 84 жыл болды, сол кезден бері бұл сыйлық тарихта алғаш рет ресейлік боксшыға берілді.
«Бұл мен үшін үлкен мәртебе. Мен өте бақыттымын. Бұл тарихи жетістік туралы естігеніме қуаныштымын. Кішкентай кезімде осы марапатқа ие болғандардың соңынан ердім, қазір солардың бірімін. Мен бокс тарихында мәңгілік із қалдырамын. Мен өз командамды мақтан тұтамын», - деген Бивол.
Еске салар болсақ, Бивол 2022 жылы Сауль Альварес пен Хильберто Рамиресті жеңген болатын.