Өзбекстан Республикасы Президентінің экономикалық даму, тиімді басқару және халықаралық ынтымақтастық мәселелері жөніндегі кеңесшісі Сума Чакрабарти Әділет министрлігінде болды.
Кездесуде әділет және құқық саласындағы ынтымақтастық байланыстары, сондай-ақ жүзеге асырылуы жоспарланып отырған жаңа бастамалар талқыланды.

Әділет министрі А.Тошқулов арнайы құқықтық режимде жұмыс істейтін Цифрлық технологиялар халықаралық орталығы («Enterprise Uzbekistan») және оның жанында Халықаралық сауда сотын құру, ұлттық заңнаманы Дүниежүзілік сауда ұйымы (ДСҰ) келісімдеріне сәйкестендіру, сондай-ақ саяси-құқықтық саладағы халықаралық рейтингтер мен индекстерде Өзбекстан Республикасының позицияларын жақсарту бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы айтып өтті.
С.Чакрабарти Цифрлық технологиялар халықаралық орталығы және оның жанындағы сот халықаралық стандарттарға сай болуы керек екенін атап өтіп, бұл салада жүргізіліп жатқан реформаларды жоғары бағалады.

Сонымен қатар, ол халықаралық рейтингтер мен индекстер бойынша халықаралық сарапшыларды тартуға практикалық көмек көрсететінін айтты.
С.Чакрабарти ДСҰ-ға мүше болу мәселесінің күрделілігін атап өтіп, Өзбекстан Республикасында жүргізіліп жатқан жүйелі реформалар нәтижесінде бұл елдің жақын арада ДСҰ-ға мүше болатынына сенім білдірді.
Кездесу соңында тараптар Өзбекстан Республикасының әділет және құқық жүйесінде халықаралық және ұлттық реформалар бойынша тығыз ынтымақтастық жасауға дайын екендігін білдірді.