Диего Марадонаның бейнесі салынған қағаз ақша шығуы мүмкін
Әйгілі футбол аңызы Диего Армандо Марадонаның құрметіне Аргентинада оның бейнесі түсірілген қағаз ақша шығуы мүмкін.
Жергілікті «Change.org» платформасында жуырда ғана жүрек талмасынан бақиға аттанған футбол майталманы Диего Марадонаның бейнесі кескінделген 10 мың песо банкнотасын шығару жайлы петиция жарияланды. Бұл жөніндегі хабарды қолдаушылар саны сағат сайын артып келеді.
Мәлім болуынша атаулы банкнотаның ортасында Марадонаның жас шағындағы портреті орналасса, артқы жағында оның жеңіске жеткен 1986 жылғы әлем кубогының суреті орналасады.
Қазіргі кезде Аргентинадағы ең үлкен валюта - 1000 песо.
Еске салар болсақ, Аргентинаның ұлтық құрамасының бұрынғы шабуылшысы, футбол тарихындағы аңыз аладоп шебері Диего Марадона 25 қарашада 60 жасында қайтыс болды.