Девис және Федерация кубогы 2021 жылға қалдырылды
Халықаралық теннис федерациясының шешімімен (ITF) Дэвис кубогы мен Федерация кубогының финалдық раунды 2021 жылға ауыстырылды
Халықаралық теннис федерациясы (ITF) Дэвис кубогы мен Федерация кубогының финалдық раунды 2021 жылға ауыстырылғанын мәлімдеді.
Федерация қабылдаған шешімге байланысты Дэвис кубогының финалдық туры 2021 жылы 22-28 қарашада Мадридте өтеді. Жарысқа 2020 финалында өнер көрсету керек болған 18 команда қатысады. Ал Будапештте өтуі жоспарланған Федерация кубогы турнирінің финалдық раунды 2021 жылдың 13-18 сәуір күндеріне ауыстырылған. Сонымен қатар, 2020 жылда жоспарланған турнирлердің барлығы 2021 жылға қалдырылған.