Дэвис кубогының 2022 жылғы плей-офф кезеңі Малагада өтеді
2022 жыл 21-27 қараша аралығында теннистен Дэвис кубогының плей-офф кезеңі Испанияның Малага қаласында өтеді.
Турнирдің топтық кезеңі 14-18 қыркүйек аралығында Болонья, Глазго және Гамбург қалаларында өтеді (төртінші қала 26 сәуірге жоспарланған жеребе арқылы анықталады. Қазірге 13 қала өтініш білдірген).
Дэвис кубогының плей-офф ойындары (ширек финал, жартылай финал және финал) БАӘ астанасы Абу-Дабиде өтуі керек еді. Бірақ БАӘ оны өткізуден бас тартты.
Осылайша жарысты өткізу құқығы Испания қаласына берілді. Малагада соңғы рет бұл турнир 2003 жылы өтіп, финалдық кездесуде Австралияның ерлер құрамасы Испания құрамасын 3:1 есебімен жеңген болатын.