«Дэвис кубогы»: Өзбекстан мен Эстония құрамалары өзара күш сынасады
Биылғы жылдың 13-14 қыркүйек күндері теннистен Өзбекстан құрамасы «Дэвис кубогының» ІІ Дүниежүзілік тобының іріктеу кезеңі аясында Эстония құрамасына қарсы кортқа шығады.
Командалар арасындағы кездесулер Ташкенттегі «Сахават спорт сервис» кешенінде өтеді. Қазір Өзбекстан ұлттық құрамасы Эстонияға қарсы ойын алдында іріктеу турниріне қатысып жатыр.
Айта кетейік, теннистен Өзбекстан құрамасы «Дэвис кубогында» соңғы кездесуін биылғы жылдың ақпан айында І Дүниежүзілік тобына іріктеу аясында Польшаға қарсы өткізіп, жеңілген еді.