Русский
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Депутат пен мектеп оқушылары арасында кездесу өтті
17:26 / 2022-04-23

23 сәуір күні Ташкент облысы Жоғары шыршық ауданындағы 2-санды орта мектептің бітіруші жоғары сынып оқушылары қатысуында Өзбекстан Республикасы «Олий Мажлис» Заң шығарушы палатасының депутаты Расул Кушербаевпен кездесу өтті.

Келелі кездесуде депутат үлкен өмірге қадам басу алдында тұрған оқушыларға болашақ мамандықты дұрыс таңдауда нелерді ескеру керектігі, жоғары оқу орнына түсудегі сәтті ұтымды пайдалану мен өз мүмкіндігін жіберіп алмау туралы кеңесін айтты.  

-Ең алдымен өзің қай салаға қызығасың. Ішкі түйсігің не дейді? Сен таңдайтын мамандық болашақта өзіңді және жанұяңның қажеттілігін қамтамасыз етуіне көзің жетсе, сол саланы таңдауыңа болады. Өйткені өзің білмейтін, қызықпайтын, ұнамайтын мамандықты таңдайтын болсаң, сен екі нәрседе ұтыласың. Біріншіден қаламай барған мамандығың бойынша болашақта жұмыс істейтін болсаң, ол салада жетістікке жете алмауың мүмкін. Екіншіден дәл сен қаламай барған мамандықты басқа біреу ұнататын шығар. Оның орнын босқа сен иелеп алмауға тырысуың керек, - деп өз пікірімен бөлісті Расул Кушербаев.

Сонымен қатар Расул Кушербаев, оқушыларға депутаттың қандай қызмет атқаратыны, оның қандай мүмкіндіктерге ие екендігі және «депутат» дегенде оның кім екенін қарапайым түрде түсіндіріп берді.

Ашық сұхбат барысында оқушылар биылғы жаңа оқу жылында білім саласына қабылданған жаңа заңдар, түрлі жеңілдіктер арқылы жоғары оқу орындарына грантқа түсу мүмкіндігі мен мемлекеттік заңдардың қабылдану жағдайы туралы өздеріне қызықты болған басқа да сауалдарға жауап алды.

Ташкент облысы «Рухани ағарту орталығының» аудандық бөлімі қолдауы және «Кітап оқу апталығы» аясында өткен осынау айтулы шарада 2-санды орта мектеп директоры Тілеуова Азиза, Жалал-төбе елінің ауылнайы Ташкенбаев Денис, ауыл жастар жетекшісі мен мектеп оқытушылары қатысып, оқушыларға өз кеңестерін айтып жоғары оқу орындарына түсуінде сәттілік тіледі. 

Кездесу соңында депутат Расул Кушербаев қазіргі уақытта республикада «Кітап оқу апталығы» өтіп жатқаныдығын ескеріп әкелген өзінің «Алдаркуса хангомалари» (Алдаркөсе әңгімелері) қазақ тілінен аудармасы, «Узбек – уз оғам» (Өзбек – өз ағам, қазақ халық мақалдары) атты мақал мателдер жинағын мектеп кітапханасына тарту етті. 

Азиза Чинибаева 

№2 мектеп оқытушысы