Oʻzbek
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Дензель Вашингтон ХХІ ғасырдың үздік актеры атанды
10:22 / 2020-12-01

«New York Times» киносыншылары ХХІ ғасырдың үздік актерлерінің тізімін жариялады. Онда киногерлер көзқарасына байланысты рейтинг бойынша ғасырдың үздік актері атағына американдық Дензель Вашингтон лайық деп бағалған.

Осы рейтенгті жасақтауда атсалысқан Манола Даргис пен Энтони Скоттың ойынша ол қазіргі кезде «экран титаны» саналады. Оның бойында көне өнер мектебінің шынайы дайындығы бар және ол кез-келген образға өте үлкен жауапкершілікпен енеді.  

1954 жыл Нью-Йоркта өмірге келген актер шығармашылығында екі рет (1990, 2002) «Оскар» сыйлығын, 3 мәрте (1990, 2000, 2016) «Алтын глобус» марапаты және 1993, 2000 жылдары «Күміс аю» лауреаты атанған.

ХХІ ғасырдың үздік актерлері ТОП-5 тізімінде:  Изабел Юппер, Дэниэл Дэй-Льюис, Киану Ривз және Николь Кидман орын алған.

NYT киносыншылары жасаған ғасырдың үздік 25 актер тізімі бойынша:

  1. Дензель Вашингтон
  2. Изабель Юппер
  3. Дэниэл Дэй-Льюис
  4. Киану Ривз
  5. Николь Кидман
  6. Сон Кан-хо
  7. Тони Сервильо
  8. Чжай Лао
  9. Виола Дэвис
  10. Сирша Ронан
  11. Джулианна Мур
  12. Хоакин Феникс
  13. Тильда Суинтон
  14. Оскар Айзек
  15. Майкл Б. Жордан
  16. Ким Мин-хи
  17. Элфри Вудард
  18. Уиллем Дефо
  19. Уэс Стюди
  20. Роб Морган
  21. Катрин Денев
  22. Мелисса МакКарти
  23. Макшершала Али
  24. Соня Брага
  25. Гаэль Гарсия Берналь