Oʻzbek
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Дембеле жарақатына байланысты Еуро-2020 турнирінің қалған кездесулеріне қатыса алмайды
11:22 / 2021-06-22

«Барселонаның» шабуылшысы Усман Дембеле Еуро-2020 турнирі кездесулерінде Франция құрамасына көмектесе алмайды. Ол Венгрияға қарсы өткен матчта жарақат алды.

Француздық RMC газетінің хабарлауынша, Венгрия - Франция матчынан кейінгі медициналық тексерісте (1-1) Дембеле тізесіндегі жарақатына байланысты үш аптаға саптан шыққаны белгілі болды. Нәтижесінде, 24 жастағы шабуылшы Франция ұлттық құрамасының штаб-пәтерінен кеткен. Осылайша Дембеле үшін Еуро-2020 осы жерде аяқталды.

«F» тобының турнир кестесінде Франция құрамасы көш бастап келеді. Екі кездесу нәтижесіне орай фрацуздар4 ұпайға ие. Екінші орында Германия құрамасы (3), үшінші орында Португалия (3). Венгрия құрамасы (1) кестенің соңынан орын алған.