Демалыс күндері Өзбекстанда жаңбыр жаууы мүмкін
Республикалық Гидрометеорология орталығы «Узгидрометтің» хабарлауынша демалыс күндері Өзбекстанда күн райы бұлтты болып, жаңбыр жаууы мүмкін.
30 сәуірде Өзбекстан аумағына Каспий теңізінен салқын және аздап ылғалды ағымы ене бастады. Соның салдарынан кешке Ташкент, Самарқанд, Жызақ және Сырдария облыстарының кей жерлерінде аздап жаңбыр жауып, найзағай болуы мүмкін.
1 мамыр, сенбіде республиканың шығыс аудандарында ғана тұрақсыздық байқалады. Ферғана облысы мен таулы аймақтарында түнде және таңертең аздап жаңбыр жауып, найзағай болуы мүмкін. Республиканың қалған аумағында жауын-шашынсыз байқалмайды. Температура 25-28 жылылық деңгейінде сақталады.
Жексенбі, 2 мамырда Өзбекстанның барлық аймақтарында аз бұлтты және құрғақ ауа райы сақталады. Ауа температурасы 29-32 градусқа дейін, оңтүстікте 34-37 градусқа дейін көтеріледі.