Демалыс күндері Өзбекстанда жаңбыр жауады
Узгидрометтің мәліметінше, демалыс күндері Өзбекстанның кей жерлерінде жаңбыр жауады. Жексенбі күні солтүстікте бұл жағдай қарға айналуы мүмкін.
Тау бөктерінде және таулы аймақтардың кей жерлерінде жауын-шашын күшті болады. Ауа температурасы 5 наурыз күні түнде 10-15, күндіз 13-18 градус болса, 6 наурызда түнде 5-10, күндіз 12-17 градусқа дейін жылылық байқалады.
Жылы ауаның жылдам жетуі, одан кейін Кавказ аймағынан салыстырмалы түрде салқын ауаның келуі нәтижесінде республика бойынша кей жерлерде желдің жылдамдығы 18-23 м/с-қа дейін күшейіп, шаң-тозаң байқалуы мүмкін.
Қарақалпақстан Республикасы, Бұхара, Науаи, Самарқанд, Жызақ, Қашқадария облыстарының кей жерлерінде желдің жылдамдығы секундына 25-30 метрге дейін күшейеді.