Демалыс күндері Өзбекстанда тепература жылы болады
Демалыс күндері суық антициклонның әсері бірте-бірте әлсіреп, жауын-шашын байқалмай, ауа температурасы көтеріледі.
Узгидрометтің хабарлауынша, 6 қарашада сенбі күні ауа температурасы түнде 3 градус аяздан 2 градусқа дейін жылы болмақ. Күндіз 6-11 градус жылы болады.
Жексенбі күні түнде 0-5 градус жылы, кей жерлерде 2 градусқа дейін аяз болуы мүмкін. Күндіз температура 9-14 градусқа дейін жылынады.