Қазақ
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Демалыс күндері Өзбекстанда температура жоғарылайды
15:01 / 2021-04-16

Республикалық Гидрометеорология орталығы «Узгидрометтің» хабарлауынша демалыс күндері температура жоғарылайтынын мәлімдеді.

Алдағы 3 тәулікте елдегі ауа-райы жылы және көбіне құрғақты келеді. Осы күндері елдің басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Тек жексенбіде Ферғана алқабының аймақтарында, сондай-ақ республиканың таулы аймақтарында, ал дүйсенбіде республиканың солтүстігінің кей жерлерде жауын жауып, найзағай болуы мүмкін. 16-19 сәуір аралығында ауа температурасы түнде 9-14, күндіз 22-27 градус болады.

Демалыс күндері Ташкент және Наманган облыстарының таулы аймақтарының 2 мың метрден жоғары жерінде қар көшкіні жүру қаупі сақталады.

20 сәуірде Өзбекстан аумағына солтүстік-батыс ағыны арқылы Ресейден суық және ылғалды ауа массалары ене бастайды. 20-21 сәуірде көптеген облыстарда (республиканың солтүстігінен басқа) жаңбыр жауады, жел күшейеді. Аптаның ортасына қарай температура 10-12 жылылыққа дейін төмендейді.