Республикалық Гидрометеорология орталығы «Узгидрометтің» хабарлауынша, демалыс күндері Өзбекстанның кейжерлерінде қысқа мерзімді жаңбыр жауып, найзағай ойнайды.
11 маусымда Өзбекстан аумағына Кавказдан біршама ылғалды және салыстырмалы түрде салқын ауа-райы енеді.
11 маусымда Қарақалпақстан, Хорезм, Бұхара, Науаи облыстарында, 11-12 маусымда Ташкент, Самарқанд, Жызақ, Сырдария облыстарында, Ферғана алқабының кей жерлерінде қысқа мерзімді жаңбыр жауып, найзағай ойнауы мүмкін.
13 маусымда Ташкент облысы мен Ферғана алқабында ғана қысқа мерзімді жаңбыр жауып, найзағай ойнауы мүмкін. Республиканың қалған бөлігінде жауын-шашын күтілмейді.
Республиканың тау бөктерінде және таулы аудандарында 10-14 маусымда өткінші қысқа мерзімді жаңбыр жауып, найзағай болады, су тасқыны жүруі ықтимал. Кей жерлерде бұршақ жаууы мүмкін.
Күндіз ауа температурасы бірте-бірте төмендеп, 12 маусымға қарай ауа температурасы 31-33 градусты көрсетеді.