Демалыс күндері Өзбекстанда ауа-райы жылы болады
Республикалық Гидрометеорология орталығы «Узгидрометтің» мәліметінше, демалыс күндері және келесі аптаның басында республиканың барлық жерінде бұлтсыз ауа-райы жалғасады.
Түнде және таңертең салқын, шамамен 6-9 градус болады. Күндіз температура 22-25 градусқа дейін көтеріледі. Бұл қазан айының ортасындағы орташа мәннен 2-3 градусқа жоғары. Дегенмен ең ыстық болған қазан айында Ташкенттегі күндізгі температура 32-35 градусқа дейін жеткен.