Spanish
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Демалыс күндері Өзбекстанда ауа-райы жауынды болады
16:10 / 2021-03-26

Республикалық Гидрометеорология орталығы «Узгидрометтің» хабарлауынша Өзбекстанда аптаның соңы демалыс күндері жауын-шашынды болмақ.

27 наурызда республиканың кей аймақтарында жаңбыр жауады, найзағай болады, жел 15-20 м/с жылдамдыққа дейін күшейеді. Ауа температурасы түнде 8-13, күндіз 17-22 градус болады.

28 наурызда Өзбекстанның солтүстік облыстарына, 29 наурызда елдің барлық аймақтарына Кавказдан ылғалды және суық ауа массалары енеді деп күтілуде. Соның нәтижесінде республика бойынша жаңбыр жауады, тау бөктері мен таулы аймақтарда жауын-шашын болса, кей жерлерде нөсер күшті болуы мүмкін.

28-29 наурызда Хорезм облысы, Қарақалпақстан, 29 наурызда Бұхара және Науаиы облыстарында жауын-шашын болмайды. 29 наурызда ауа температурасы 6-11 градусқа дейін төмендейді.