Демалыс күндері Өзбекстанда ауа-райы өте ыстық болады
Республикалық Гидрометеорология орталығы «Узгидрометтің» мәліметінше, өткен түннен бастап Өзбекстанға Ираннан өте ысқық ауа ағымы кіре бастады.
Осы себепті 29-30 мамыр күндері жлы ауа-райының ағыны артып, Өзбекстанның барлық облыстарында өте ыстық болады. Температура 36-39 градусқа дейін, солтүстік, оңтүстік және шөлді аймақтарда 40-42 градусқа дейін көтеріледі.
Республика бойынша, негізінен аз бұлтты ауа райы күтіледі, тек таулы аудандарда күндіз конвективті бұлттылық басым болып, кей жерлерде қысқа мерзімді жаңбыр жауады, найзағай болуы мүмкін.