French
Chinese
Turkish
Tajik
Kyrgyz
Turkmen
Japanese
Arabic
English
French
Spanish
Русский
German
Ўзбек
Oʻzbek
Қазақ
Демалыс күндері Өзбекстанда ауа-райы салқындайды
16:25 / 2021-08-13

Республикалық Гидрометеорология орталығы «Узгидрометтің» мәліметінше, алдағы демалыс күндері Өзбекстанда температура біраз бәсеңдейді.

Тамыздың ортасы жақындап, осы демалыс күні жаздың соңғы айының ортасына тура келеді. Синоптиктердің мәлметінше кеше ауа температурасы күндіз 36-37 градусқа дейін, ал солтүстік, оңтүстік және шөлді аймақтардың кей жерлерінде 38-40 градусқа дейін көтерілген.

Бүгін Батыс Қазақстан аумағынан салқын ауа ағымының келуіне байланысты күндізгі температура 32-34 градусқа дейін төмендейді, тек оңтүстіктің ең шетінде салыстырмалы түрде жылы температура 36-38 градуста сақталады.

Демалыс күндері республика аумағына салқын ауа массалары келіп, күндізгі температура 28-31 градусқа дейін, ал оңтүстікте 33-36 градусқа дейін төмендейді. Түнде және таңертең температура 13-18 градус болады.

Таулы аймақтарда жергілікті қысқа мерзімді жаңбыр жаууы мүмкін. Осыған байланысты республиканың тау бөктері мен таулы аудандарында су тасқыны қаупі бар.