Демалыс күндері республикада жауын жауады
Республикалық Гидрометеорология орталығы «Узгидрометтің» хабарлауынша, демалыс күндері республикада жауын жауады.
Ертең республиканың басым бөлігінде жауын-шашын болмайды, тек солтүстік облыстарға Каспий теңізінен ылғалды ауа массалары түседі, осыған байланысты кешке Қарақалпақстан мен Хорезм облысында аздаған жаңбыр жауады. Ауа температурасы түнде 2 градус аяздан 3 градусқа дейін жылы, күндіз 14-17 градус жылы болады.
Жексенбі күні көптеген аймақтарда жаңбыр жауады. Таулы аймақтардың кей жерлерінде қатты жауын жауады. Республиканың солтүстігінде жаңбыр таңертең тоқтайды. Ауа температурасы түнде 0-5 градус шамасында, күндіз 8-13 градусқа дейін төмендейді.